Кабдуллаева Куралай Сагатовна
Кабдуллаева Куралай Сагатовна - 1970 жылдың 20 тамыз күні Алакөл ауданы, Үшарал қаласында дүниеге келді. 1987 жылы Үшарал қаласындағы Абай атындағы қазақ орта мектебін бітіріп, Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетін химия және пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты.
Жалпы еңбек өтілі-33 жыл. Педагог-зерттеуші.
Еңбек жолын 1993 жылы Алакөл ауданы Үшарал қаласындағы Кәсіби Техникалық Лицейінде химия –биология пәні мұғалімі қызметінен бастап аталған мекемеде 2001 жылға дейін жұмыс атқарды.
2001 - 2003 жылдары Үшарал қаласындағы №2 орта мектебінде химия пәнінің мұғалімі;
2003-2006 жылдары Үшарал қаласындағы №2 орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
2006-2008 жылдары директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымда болды.
2008- 02.09.2026 жылдары аралығында Алакөл аудандық білім бөлімінде әдіскер қызметін атқарды.
2026 жылдың 28 қыркүйегінен бастап Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінің директоры.